Атырауда жоғалған 1,5 жасар сәби өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін 20 мамыр күні із-түзсіз жоғалып кеткен болатын

Бұл суыт хабарды Атырау облысы су арнасы мекемесінің баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев өзінің әлеуметтік желісінде жазған.

Оның жазуынша, баланың денесі өз үйінің жанындағы кәріз құдығынан табылған.

«Баланың денесі үйінің жанындағы септиктен табылды. Иманды болсын...» деп жазды ол бірнеше минут бұрын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атыраудың «Жұлдыз» мөлтек ауданындағы №57 үйде тұратын бала түскі сағат 13.30 шамасында жолғалып кеткен еді. Баланы 400-ге жуық тұрғын, еріктілер мен Ұлттық ұлан сарбаздарын қосқанда, тағы 50 адам, сондай-ақ, 100 полиция қызметкері іздеген болатын.

Тіпті, баланы табу үшін үш дрон тартылып, жан-жақ мұқият қаралған. Баланың аяғын сылтып басатыны хабарланған болатын.