Сәтбаев қаласында біреудің суретін Facebook-ке рұқсатсыз жариялаған адамның басы дауға қалды
Енді ол арыз жазған адамға 100 мың теңге моральдық шығын өтеуі тиіс
Сәтбаев қалалық соты Facebook әлеуметтік желісіндегі сурет үшін соттасқан екі тараптың ісін қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Істің мән-жайына үңілсек, 2023 жылдың 28 шілдесінде НБ есімді адам әлеуметтік желідегі жеке парақшасына С есімді адамның суретін рұқсатсыз жүктеп, оның өмірі туралы жазған. Бұл екі адам Facebook-те «дос» болмағандықтан, С есімді азамат сотқа жүгініп, арыз жазған.
«С есімді азамат жеке бейнесін рұқсатсыз жүктеген адамға қатысты арыз жазды. Оның айтуынша, оның суреті – оның жеке мүліктік құқығы, оны рұқсатсыз жариялауға ешкімнің қақысы жоқ. Ол НБ-ның үстінен арыз жазып, суретін жоюды және әлеуметтік желіде жария түрде кешірім сұрауын талап етті. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде 500 мың теңге талап етті», - деп хабарлайды Ұлытау облысы сотының баспасөз қызметі.
Сот оның арызын ішінара қанағаттандырып, мынандай шешім қабылдаған:
НБ есімді азамат С-ға моральдық шығын ретінде 100 мың теңге төлеп, әлеуметтік желіде оның суретін өшіріп, жария түрде кешірім сұрауы тиіс. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырған. Үкім заңды күшіне енген.