$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар әзірге Түркияда қалатын болды

Министрдің сөзінше, Ербаян Мұхтар отбасымен 27 желтоқсанда Қазақстанға қайтуы қажет еді

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар әзірге Түркияда қалатын болды
Фото: Instagram/inga_imanbay

Түркияда ем алып жатқан сарбаз Ербаян Мұхтар әзір елге қайтпайтын болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үш-төрт күн бұрын хабарластық. Ербаян емін алып жатыр. Жылдың аяғында Қазақстанға қайту жоспарларында болған еді, бірақ дәрігерлер тағы қосымша ем тағайындады. Қайтатын уақытын өздері хабарлайды», - деді Ақмарал Әлназарова.

Министр шетелде ем алып жатқан ауыр халдегі азаматтарды Қазақстанға алып келу мемлекет тарапынан санитарлық авияция арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық ұланында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.

Серіктес жаңалықтары