$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Риддердегі жарылыс: үш жұмысшының денесін неше пайыз күйік шалған

Бүгін журналистер денсаулық сақтау  министрінен осыны сұрады

Риддердегі жарылыс: үш жұмысшының денесін неше пайыз күйік шалған
Фото: istockphoto.com

Өткен демалыс күндері Риддердегі жылу электр орталығындағы жарылыста алты жұмысшыны күйік шалған болатын. Олардың үшеуі Өскемен қаласында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осы жұмысшылардың денсаулығы туралы ақпарат берді. 

«Риддердегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Алты адамды күйік шалған, үшеуін біз жарылыстан кейін бір сағат өте сала Өскемен қаласына алып кеткен едік. Олардың ішінде бір жұмысшының денесін 20 пайыз күйік шалған, қалғандары одан аз. Қазір дәрігерлер оларды емдеп жатыр», - деді Әлназарова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Риддердегі жылу электр орталығындағы жарылыста күйік шалған жұмысшылардың видеосы тараған еді.

Серіктес жаңалықтары