Ұлыбританияда қазақ үйлер танымал болып барады

Автор: Темірхан Айжан

Елші Кэти Личтің сөзінше, Ұлыбританияда киіз үй туризмі дамып жатыр 

Фото: istockphoto.com

Ұлыбританияда киіз үй бағытындағы туризм белсенді дамып келеді. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің ойымша, табиғатқа әсері төмен туризмнің бірнеше түрі бар. Шынтуайтында, біз Қазақстаннан маңызды концепцияны - тұтас киіз үй глэмпингі, яғни сәнді кемпинг идеясын өзімізге қабылдадық. Киіз үйлер Ұлыбританияда танымал болып отыр», - деді Кэти Лич.

Оның сөзінше, сәнді кемпинг пен үлкен қонақүй салудан гөрі киіз үйлер құрудың экологияға зияны әлдеқайда аз.

«Киіз үй - табиғатқа әсері төмен тұрақты туризмнің керемет үлгісі», - деп сипайттайды ол.