62 жастағы ер азаматтың мәйіті төсегінен табылған
Ақмолада облысының Аршалы кентінде темекі тұқылынан тұтанған өрт бір адамның өмірін жалмады, деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне.
Алдын ала болжами бойынша, марқұм төсегінде жатып темекі тартқан.
«Кеше сағат 16:39-да Аршалы кентіндегі Митченко селосында үй өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жеткен өрт сөндірушілер өртті дереу сөндірді. Құтқарушылар оқиға орнынан 62 жастағы үй иесінің мәйітін алып шықты», - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.