Мақтааралдағы апаттан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды – әкімдік

Автор: Azattyq Rýhy

Су басқан ауыл тұрғындарының қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды

фото: facebook.com/saken.kalkamanov/

Мақтаарал ауданында болған су тасқынынан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жария етті.

«Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің барлығы судан тазартылды. Онда әкімдік, Қазсушар, ТЖК, әскерилер мен Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмылып жұмыс істеуі нәтижесінде аз уақытта Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды», - деп жазады Сәкен Қалқаманов.

Облыс әкімінің орынбасары су басқан Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жантақсай ауылдарындағы қазіргі жағдайды фотосуреттерімен жариялады.