Сұлулығына бүкіл әлем тәнті болған қазақ волейболшысы Сабина Алтынбекова Индонезия клубына кетті
Спортшы командасын жерге қаратпаймын деп уәде берген
Сабина Алтынбекова индонезиялық волейбол клубының капитаны болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті менің оқырмандарым, мен Пролига 2025-те ойнау үшін Yogya Falcons волейбол клубымен келісім-шартқа отырғанымды хабарлап, қуанышты жаналығымен бөліскім келіп отыр. Командаластарыммен және барлық Индонезиялық волейбол жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтудемін. Жақын арада көріскенше», - деп жазды спортшы.
Айта кетсек, волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы тұрмысқа шығып, балалы болып, спорттағы карьерасынан үзіліс алған еді. 2022 жылы спортқа қайта оралып, арабтың Al wasl клубында ойнады. 2022-2023 жылдары ол Al wasl Араб лигасының чемпионы атанып, әлемдегі ең бай волейболшылардың қатарына қосылды.