Заң жобасы үшін келіспей қалған - Парламент ғимаратында бір депутат екіншісін атып өлтірді

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға Абхазияда болған

Фото: Абхазия Республикасының парламенті

Абхазия парламентінде атыс болып, депутат Вахтанг Голандзия қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АМРА-life жазуынша, депутат Адгур Харазия Вахтанг Голандзияның басынан тапаншамен атып салған.

«Бүгін парламентте майнингке тыйым салу туралы заң жобасы талқыға салынды. Жиын барысында Адгур Харазия мен Кан Кварчия жанжалдасып қалды. Вахтанг Голандзия оларды ажыратпақ болады. Адгур тапаншасын алды да екі депутатты атқан», - деп жазады телеграмь-арна.

Кан Кварчияның иығы жараланса, Вахтанг Голандзия тіл тарпай кеткен.

Парламентте депутаттарды атқан Адгур Харазия қашып кеткен. Қазір оны полиция іздеп жатыр.