Астанада емделіп жатқан подполковник сол ауруханадағы алты жасар қызды зорламақ болған (ВИДЕО)
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған
Астана ауруханасында 2016 жылғы қыз бала жәбір көрген. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл оқиғада қызға жыныстық жәбір жасаған қорғаныс министрлігінің офицері екенін растады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
«Бұл ақпаратты растаймын. Әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бақылауда. Тергеудің нақты деректері бойынша ақпаратты жариялауға құқығым жоқ», - деді Санжар Әділов.
Еске салсақ, оқиға Астана ауруханаларының бірінде болған. Азамат Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде батальон командирінің орынбасары болып қызмет етеді және подполковник шеніне ие. Алдын ала мәлімет бойынша, подполковник палаталардың біріне кіріп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қыз балаға жәбір көрсетуге әрекеттенген.