19.12.2024, 09:19
Оқиғалар
Алматыда анасынан айырылған жасөспірім ұл күйзелістен 40 дана дәрі жұтып қойған
Абзал болғанда, дәрігерлер баланы аман алып қалды
Фото: istockphoto.com
Алматы қаласында жасөспірім ұл анасының өлімінен кейін күйзеліске түсіп, 40 дана дәрі жұтып қойған. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy редакциясына Алматы қаласындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан мәлім етті.
«Осындай оқиға болды. Мен қазір баламен байланыстамын. Бала ауруханада ем қабылдап шықты. Енді оған дәрігердің көмегі емес, психологтың көмегі керек. Оқиға болған сәттен бастап баламен байланыс үзген жоқпын. Психолгиялық көмек көрсету орталығы болған жайдан хабардар», - деді Диана Ерлан.
Оның айтуынша, құзырлы орган балаға тегін психолог береді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді