Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 17 желтоқсанда, сағат 15:00 шамасында «Үш дельфин» қонақүйінің маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2012 жылы туған зардап шеккен бала травматолог маманның тексеруінен өтті. Жағдайы тұрақты. Оған бас терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылған. Бала амбулаторлық бақылауға жіберіліп, үйіне қайтарылды.
Облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген екі әйел рентгенологиялық тексерістен өтті. Олардың денесінен ешқандай жарақат табылмады. Кейін олар да үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта 9 және 14-ші шағын аудандар арасында болғанжол апаты бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.