17.12.2024, 22:23
Оқиғалар
Шымкентте тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам көз жұмды: тергеу жүргізілуде
Оқиға орнынан 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды
Фото: depositphotos.com
17 желтоқсанда таңғы сағат 05:47-де Шымкент қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан түтінге уланған үш адам — 2000, 2001 және 2024 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнынан 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды.
Өрт 06:44-те оқшауланып, 06:59-да толық сөндірілді.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, өрттің шығу себептерін анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығы істі бақылауға алды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр