$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2020, 00:26
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда қонақтары кальян шеккен ойын-сауық мекемесіне айыппұл салынды

 150 мекемеге ескерту берілді

Нұр-Сұлтанда қонақтары кальян шеккен ойын-сауық мекемесіне айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап бірқатар нысан жұмысын қайта бастады: қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтану орындары, дәмханалар, мейрамханалар (бір мезгілде келушілері 30 адамнан көп болмауы тиіс), діни құлшылық орындалары. Талап – санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Дәмхана, мейрамханалар мен жазғы дәмханаларда қорқор тартуға тыйым салынған, ал тәптіп бұзғанға 10 АЕК айыппұл қарастырылған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресм сайты хабарлайды.

«Осы орайда қаладағы «Мята» (А.Байтұрсынов көшесі) демханасына айыппұл салынды. Санитарлық нормаларды бұзған 26 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етпейінше ашылмайды. 150 мекеме ескерту алды»,- делінген хабарламада.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер мен эпидемиологтармен бірлесіп, күн сайын санитарлық нормаларды бұзған нысандарды анықтау бойынша рейд жүргізеді. Айта кетейік, елордада маска киіп жүру талабы әлі де өзекті. Егер қала тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қалаға қатаң карантин ережесін енгізу қажет болады.

Серіктес жаңалықтары