Air Astanа тағы да шулатты: компания жалғыз ұшып бара жатқан баланың жанына ер адамдарды мінгізбейді
Осыған байланысты олар жалғыз ұшып бара жатқан баланың жанына бір әйел жолаушыны отырғызбақ болған
Air Astanа компаниясы алдын ала онлайн тіркеуден өтіп, өзіне ыңғайлы орын алып қойған Тахмина Кібірова есімді жолаушыны күштеп басқа орынға отырғызбақшы болған. Себебі, рейсте 14 жастағы ұлдың жанына отыратын адам болмаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тахмина Кідірова 11 желтоқсан күні Air Astanа компаниясының КС9560 рейсімен жол жүрген. Алдын ала тіркеуден өткен ол өз онына жайғасқанда, компания қызметкері келіп, оған дауыс көтерген.
«Себебі, рейсте 14 жастағы ұл жалғыз өзі ұшып барады екен. Ал, қауіпсіздік ережелеріне сай, оның жанында бір ересек адам отыруы керек. Компания қызметкері ол ересек адам міндетті түрде әйел болсын деген шешім қабылдапты. Олар тіпті сол қауіпсіздік ережелерін түсіндірген де жоқ: сонда мен біреудің баласы үшін қалай жауапты боламын? Оқыс оқиға бола қалса, оны қалай құтқарамын? Мен әйел жолаушы болған соң біреудің баласын, жоқ, кішкентай баласы емес, 14 жастағы жеткіншегін алып жүруім керек пе? Оның жанына, дәретхананың жанындағы соңғы орынға отыруым керек пе? Жарайды, маған келіп, өтініш айтып, адам сияқты түсіндірсе, келісер едім. Бірақ, келіп, маған дауыс көтеріп, тіпті мені басқа қаладан түсіріп кетемін деп қорқытқаны қай сасқаны? 2024 жылдың 11 желтоқсаны күні КС9560 рейсіндегі бүкіл адам осы оқиғаның куәгері болды», - деп жазған ол.
Компанияның әлеуметтік желідегі өкілі болған оқиғаны өзінше баяндап, жағдайдың қалай болғанын айтып берген.
«Бұндай жағдайдың орын алғаны әрине өте өкінішті. Жанында үлкен адам жоқ балалардың ұшаққа міну тәртібін түсіндіре кетейік. Әуе компанияның қызметкері баланы ата-анасының немесе заңды өкілінің қолынан алып, оны келесі қаладағы сеніп тапсырылған адамға тапсырғанға дейін өзі алып жүреді. Біз жолаушыларға ешқашан біреудің баласын қаратып қоймаймыз. Ал, сізге қатысты жағдайда, КС9560 рейсіне тіркеу аяқталдарда баланың жанындағы бос орынға ер адам отыратыны белгілі болды. Ал, компанияның ережесіне сай, біз ер жетпеген баланың жанына ер адам отырғызбаймыз. Сондықтан, сізді 43 орыннан 45 орынға ауыстырған едік. Компания қызметкерлері жағдайды түсіндіріп, сізден кешірім сұрайды», - деп жазған ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, арбаға таңылған Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкері дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбей, тұрып алған.