11.12.2024, 15:45
Оқиғалар
Шерзат Полаттың әпкесі Өзбекстанға депортацияланады – Әділов (ВИДЕО)
Бахыт Рейімова Өзбекстан азаматшасы екені белгілі болды
Фото: скриншот
Бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бахыт Рейімова қай елге депортацияланатынын жария етті.
«Ол кісі Қазақстан азаматы емес. Ол – Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Соттың шешімі осы болды. Менің соттың шешіміне түсініктеме беруге қақым жоқ», - деп мәлім етті ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы облысы соттарының баспасөз қызметі марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күнге қамалғанын, ал қарындасы Бахыт Рейімова 15 күнгі қамаудан кейін Қазақстаннан депортацияланатынын хабарлаған болатын.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты