Астанадағы бос ғимараттың жанынан оқушы қыздың мәйіті табылған: қылмыстық іс неге тоқтады

Автор: Темірхан Айжан

Санжар Әділов себебін түсіндірді 

Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанадағы 14 жастағы оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық істің неге тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Бұл факт бойынша ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілді. Мәйіттің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Қазір іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», - деді Санжар Әділов.

Өткен қыркүйекте елордадағы қаңыраған ғимараттардың бірінің жанынан қыз баланың мәйіті табылған еді.

Тегтер: