Бақсы-балгерлер мен дүмше молдалар жаппай айыппұл арқалап жатыр
Оларға 137 мың теңгеден бастап 173 мың теңге аралығында айыппұл салынады
Енді көріпкелдер мен бақсы-балгерлер, оккульттік қызметтердің өзге де түрлерімен айналысатындарға ірі айыппұл салынады. Бұл туралы Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Trt-ға сілтеме жасап.
ІІМ қызметкерлері елде тексеру жүргізіп, 1,5 мыңға жуық балгерді ұстаған. Сонымен қоса, мамыр айынан бастап 5 мыңға жуық «білімсіз молда» да қолға түскен.
Ұсталғандардың барлығы арнайы есепке алынған. Аталған қызметпен айналысқан адамдарға $270 - $340 аралығында айыппұл салынбақ, егер қайталап заң бұзса, бұл сома $680-ға дейін өседі. Елдегі орташа жалақының $70 екенін ескерсек, айыппұлдың мөлшері айтарлықтай көп.
Елде сиқыр мен сәуегейлікпен айналысып жүргендерді алты айға дейін міндетті жұмысқа жегу мәселесі қарастырылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда біз Тараздағы молданың екі қарияны қалай алдап кеткенін жазған болатынбыз.