Зардап шеккендер жоқ
Бүгін таңертең Түркістан облысының Мақтаарал ауданында екі балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсан күні сағат 08:24-те жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезген.
«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ», - деп хабарлады ТЖ министрлігі.