Өткен тәулікте Шымкент қаласында 50 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
19 мамырда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды: 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 21-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін Шымкентте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 485 адам анықталды.