30.11.2024, 21:52
Оқиғалар
Елордада жатақхана өртенді
Тілсіз жау шамамен 250 шаршы метрге тараған
Фото: ТЖМ
Алматы ауданының Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шыққан.
«Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жану болып жатты. Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Тілсіз жауды сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды. ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті», - делінген хабарламада.
Өрт шамамен 250 шаршы метр алаңда оқшауланды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады