Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға 29 қараша күні шамамен сағат 20.10-да Орал-Бузулук жолының 1-шақырымында болған.
«Жүргізуші Hyundai Tucson автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.