$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2024, 10:31
Оқиғалар

Павлодар облысындағы жетімдер үйінде 8 қыз баланы зорлады деген күдіктілер қамалған

Тағы үш қыз балаға қатысты фактілер тексеріліп жатыр

Павлодар облысындағы жетімдер үйінде 8 қыз баланы зорлады деген күдіктілер қамалған
Фото: istockphoto.com

2024 жылдың қарашасында Павлодар облысындағы жетімдер үйі мен балаларды қолдау орталықтарында 105 қыз бала медициналық тексеруден өткен. Дәрігерлер 10-16 жастағы 11 қыз баланың ерте жыныстық қатынасқа душар болғанын анықтаған, деп жазады  Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова күні кеше Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі Әтикеевпен кездескен. Осы қорқынышты статистика дәл осы кездесуде айтылған екен.

«Кездесудің тақырыбы – 2024 жылдың қарашасында анықталған фактілер болды. Облыстағы жетімдер үйі мен балаларды қолдау орталықтарында тұрып жатқан 105 қыз баланы толық медициналық тексеруден өткізген кезде 11 қыз баланың жыныстық қатынаста болғаны анықталды. Яғни, олар зорлық-зомбылыққа ұшыраған. 8 факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталып, қамалды. Тағы үш факт тексеріліп жатыр», - деп хабарлады Шәкенова.

Оның айтуынша, үйінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған тағы екі факт анықталған.

«Бұл айтылғандар бірнеше жыл бұрын болған оқиғалар», - деп нақтылап өтті Шәкенова.

Серіктес жаңалықтары