Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі жайылымдарды шетінен тексеріп жатыр
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жыл басынан бері 2,8 млн гектар жерді жоспардан тыс тексерген. Осы жұмыстардың арқасында мемлекет өзіне 2 млн гектар жерін қайтарып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдардың, яғни, әкімдердің қабылдаған шешімдері қаншалықты заңды болғанын тексерген. Анықталғандай, әкімдер 875 адамға 368,5 мың гектар жерді заңсыз беріп жіберген. АШМ-ы осы заңсыз қабылдаған 875 шешімнің небары 84-ін жойып үлгерген.