Жетісу облысында әйел адам шұңқырға құлап кетті (ВИДЕО)
Ал шұңқыр су құбырын жөндеу үшін қазылған екен
Жетісу облысында әйел адам су құбырын жөндеу үшін қазылған шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған оқиғаға байланысты Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімдігі түсініктеме берді.
«Сарыөзек ауылы Аманжолов көшесінде 2024 жылдың 20 қарашасынан бастап су құбырының жарылысы орын алып, ШЖҚ «Күреңбел су» МКК-мен құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіп жатыр. Бүгін жөндеу жұмыстарына қажетті материалдардың уақытылы жеткізілмеу себебінен мекеме қызметкерлері қазылған көше бойын қызыл және ақ жолақты тосқауыл таспасымен қоршап қойған. Алайда Instagram әлеуметтік желісінде көрсетілген азаматша мас күйінде тосқауылды бұза отырып қазылған жерге құлап кеткен. Орын алған жағдайға байланысты «Күреңбел су» мекемесінің директоры оқиға орнына жедел барып, азаматшаға алғашқы көмегін көрсетіп, тұрғылықты мекен-жайына жеткізді», - делінген әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында.