Қала бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған 435 адам анықталған
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 31 тұрғынынан COVID-19 диагнозы анықталды: 23-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 8-і скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше, барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 435 адам анықталған.