Абай облысында қазандық жарылды

Автор: Дулат Асель

Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында

Фото: Caravan.kz

Абай облысы Үржар ауданында бүгін, 22 қараша күні сағат 10:30 шамасында жылу қазандығы жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.
 

«Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді», - делінген хабарламада.

Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында.