Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты

Автор: Дулат Асель

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады

Фото: Istockphoto

Жамбыл облысында қызметтік көлікте патрульдеу кезінде полицей әріптесіне оқ атып, жарақаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оқиға туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады. 

«Бүгін Жамбыл облысында полицей қызметтік көлікте келе жатып, әріптесіне оқ атты», – деп жазды ол. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

«2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікте қызметтік аумақты патрульдеу кезінде қаруды абайсыз қолдану салдарынан полицейдің бірі әріптесінің арқасына кездейсоқ оқ атты», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. 

Құқық қорғау органдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде жіберілген салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен қызметкер Кордай аудандық ауруханасына жатқызылды. 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ішкі тексеріс жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.