Жиырма жыл отасқан ерлі-зайыптының ұл-қыздарының алды студент атанған
Шымкентте 39 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Otyrar басылымының жазуынша, Шымкент тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова 6 қараша күні толғағы келіп, қалалық перзентханаға жатқызылған. Әйел 5 келі салмақтағы сәбиін табиғи жолмен, өз күшімен босанған. Медицина қызметкерлері бүкіл көмекті көрсеткен.
Оныншы баласын сүйіп отырған Гүлбану 19 жасында тұрмыс құрған. Жұбайы Болаттың жасы 43-те. Ерлі-зайыптылар 20 жылдық отбасылық өмірінде 10 баланың ата-анасы атанып отыр.