09.11.2024, 04:00
Оқиғалар
Түркістанда әскерилер үш жасар қыздың өмірін сақтап қалды
Бүлдіршіннің талма ауруы ұстап қалған
Видеодан алынған кадр
Түркістан облысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұстамасы басталған 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 1 қараша күні сағат 14.00 шамасында Құдайбергенов көшесінде болған.
Жағдай аяқасты болды: Көліктен кішкентай қызды көтерген ер адам жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрады.
Бұл жағдайды байқаған әскери қызметшілер ойланбастан көмекке ұмтылды. Қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков жағдайды бағалап, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті, ал осы уақытта сержант Жанболат Дүйсенбай жедел жәрдем шақырды.
Қазір балақайдың жағдайы тұрақты.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады