24.10.2019, 09:03
Оқиғалар
Шымкентте 300 адам іздеген бала ұйықтап жатқан жерінен табылды
Сегіз жасар Жасұлан көрші балалардан тығылыпты
Шымкентте ойнап жүріп, жоғалып кеткен баланы 300-дей адам алты сағат бойы іздеген, деп хабарлайды КТК арнасы.
Сегіз жасар Жасұлан көрші балалардан тығылыпты. Оны іздеп таба алмаған жеткіншектер тарап кетіп, кешкі сағат сегізде ата-анасы шарқ ұрып іздейді. Арада екі сағат өткенде олар полицейлердің көмегіне жүгінеді. Көрші-қолаң, тәртіп сақшылары – 300-ге тарта адам аяқтан тозып іздеп жүрсе, бала есік алдында тұрған қораптың астында ұйықтап жатыпты.
Бірнеше сағат бойы жеңіл киіммен жатқан Жасұлан тоңып қалғаны болмаса, дін аман.
«Баланы іздеуге көмектескен баршаңызға рақмет! Аман-есен табылды. Көршілеріме ризамын», - деді баланың әкесі.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды