Қызылорда облысында жыл басынан бері 30 балықшы суға кетті
Облыста арнайы рейд басталды
Қазіргі уақытта еліміздегі карантин режиміне және балық аулауға салынған тыйымға (6 сәуір-10 маусым аралығы) қарамастан, балықшылардың су айдындарында күнделікті балық аулауы және балық аулау кезінде адамдардың қаза болу азаймай тұр, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«Облыста жыл басынан бері 30 адам /Арал ауданы – 2 адам, Жаңақорған ауданы – 1 адам/ балық аулау кезінде қаза болды. Осыған орайды, облыстағы су айдындарында қайғылы жағдайдың алдын алу үшін Полиция бөлімі Балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, 14-мамырдан бастап балық аулауға тыйым салу бойынша рейд бастады»,- делінген хабарламада.
Бүгінде облыс көлемінде Балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерімен «Уылдырық-жел» профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Ол үшін мобильдік топ құрылған. Жедел тексеру жұмыстары 10 маусымға дейін жалғасатын болады.
Профилактикалық рейд барысында заңсыз балық аулаған балықшыға ҚР Қылмыстық Кодексі 335-бап (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу)1 бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.