$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2020, 14:43
Оқиғалар

Ертістен өлі табылған қызын анасы тек әшекейінен таныды

Ол 3-мамырда үйден шығып кеткеннен қайта оралмапты

Ертістен өлі табылған қызын анасы тек әшекейінен таныды

Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың өлі денесі табылды.Еріктілер оның мүрдесін Ертіс өзенінің жағасынан тауып, полиция шақырған, деп хабарлайды КТК телеаранасы.

Айым Камзаева суда ұзақ жатып қалғандықтан, туыстарына оны бірден тану мүмкін болмады. Тек марқұмның анасы қызын үстіндегі киімі мен әшекей бұйымдарынан ғана таныған. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздерінің бар- жоғы әзірге белгісіз. Шаһардағы оқу орындарының бірінде соңғы курста оқыған бойжеткен 3-мамырда үйден шығып кеткеннен қайта оралмапты. Хабарсыз кеткен қызды іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге еріктілер де атсалысқан болатын. Жалпы, Айымды іздеуге шыққан 500-ге жуық адам қала көшелері мен су жағалауларын екі аптаға жуық шарлаған.

«Жалпы жүргізілген шұғыл іздеу және арнайы тергеу жұмыстарының нәтижесінде, бұл азаматша Ертіс өзенінің үстіндегі көпірден секіріп кетуі мүмкін. Сот-медициналық сараптаманың негізінде оның өліміне не себеп болғаны анықталады»,- Елеубек Оспанов, Семей қалалық ПБ баспасөз басшысы.

Серіктес жаңалықтары