04.11.2024, 08:50
Оқиғалар
Іле Алатауында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, аман алып шықты
Іздестіру жұмыстары 16 сағаттан астам уақытқа созылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Іле Алатауындағы Қаскелең шатқалында бес адамнан тұратын туристік топтың бір мүшесі кенеттен ауырып қалған. Байланыстың болмай, сондай-ақ топта қарт әйел мен балалар болғандықтан, топ жетекшісі науқасты тауда қалдырып, қалғандарын қауіпсіз жерге жеткізуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағы бірден зардап шегушіні іздестіру жұмыстарын бастады.
Іздестіру жұмыстары 16 сағаттан астам уақытқа созылып, нәтижесінде құтқарушылар туристі тауып, оған алғашқы көмек көрсетті. Кейіннен оны шатқалда күтіп тұрған туыстарына аман-есен жеткізді.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды