Полиция оқиғаның мән-жағдайын анықтауда
Қарағанды облысында салынып жатқан Qaragandy Power Silicon зауытында жазатайым жағдай тіркелді. Құрылыс жұмысшысы биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған, полиция оқиғаның барлық жағдайларын тексеруде.