Көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы тас жолда жол апатынан бір адам көз жұмып, 2 адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Жол апатынан 1977 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы екі адам түрлі деңгейдегі жарақатпен емханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жарақат алған екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Барлық тиісті ем-дом шаралары ұйымдастырылды. Науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында», – деп жазылған хабарламада.
Көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр.