Жараланған жүргізуші ауруханаға жатқызылды
Алматы облысында ауыл тұрғынына пышақпен шабуыл жасап, көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Оқиға 14 мамырда республикалық Алматы – Өскемен тас жолында тіркелген. Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылының маңында белгісіз ер адам жолшыбай көлікті тоқтатып, жүргізушіге шабуыл жасаған. Қаскөй рөлдегі адамға бірнеше рет пышақ сұққан», - деп жазылған хабарламада.
Жараланған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Көлікті айдап алып кеткен 22 жастағы тұрғын Үштөбе қаласында ұсталып, қамауға алынды. Күдікті кінәсін мойындады.