Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

Фото: depositphotos.com

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.», - делінген хабарламада.