30.10.2024, 16:30
Оқиғалар
Қарағандыда құрылыс нысанында лифт үзіліп, бір адам мерт болды
Қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com
Қарағандыда салынып жатқан үйдің лифті үзіліп кетіп, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Патриот Telegram каналының жазуынша, Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған қайғылы оқиғадан кейін бір жұмысшы көз жұмып, екіншісі ауруханаға түскен. Жарақат алған адам жансақтау бөліміне жатқызылған.
Полиция «абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды