Жас туристер биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтерілген
Алматы облысында тауға шығып, адасып кеткен 17 жастағы екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, жас туристер биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтерілген. Тауда адасқан жасһспірімдер ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады
«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп адамқан азаматтарды «Панорама» шыңында құтқару лашығынан тапты», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, ата-аналарына тапсырды.