Мақтааралда 40 тонна мақта жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Түркістан облысының құтқарушылары 80 тонна мақтаны өрттен қорғап, тілсіз жаудың таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында мақта өңдеу зауытының аумағында 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта жанып кетті.

Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.