Алматыда жасөспірім экскаватордың астына түсіп қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол мопедпен келе жатқан

Фото: © istockphoto.com

Алматы қаласының Алатау ауданында мопед, жеңіл көлік және экскаватор соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, таңғы сағат 08:10-да 15 жастағы жасөспірім Алғабас ықшам ауданындағы Доспанов көшесі бойымен солтүстік бағытта мопедпен қозғалып келе жатқан. Қозғалыс барысында мопед Chevrolet көлігімен соқтығысып, мопед жүргізушісі мен 16 жастағы жолаушысы жолға құлаған.

Жолда жатқан мопед жолаушысы экскаватордың астына түсіп, ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.