Қарағанды облысында болған өрттен үш бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қала көшелерінің бірінде тұрмыстық құрылыс пен қоршау өртенген

Фото: © istockphoto.com

Қарағанды облысы Саран қаласында болған өрт кезінде үш бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін таңертең Саран қаласының Цымлянская көшесінде тұрмыстық құрылыс пен қоршау өртенген. Өрт сөндірушілер үйден үш баланы қауіпсіз жерге шығарды.

«Өрт орнынан үш газ баллоны шығарылды. Өрт 40 шаршы метр аумақта сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.