14.05.2020, 15:53
Оқиғалар
«Бәйтерек» холдингінің лауазымды тұлғалары 197 млн теңге жымқырған деген күдікке ілінді
2018 жылы да холдингті басқарған бірнеше қызметкер сотталған болатын
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде қаражатты жымқырды деген айыппен тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның лауазымды қызметкерлерінің және өзге де тұлғалардың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер АҚ-ның еншілес компаниясы «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттіктің» консультациялық қызмет сатып алуға бөлген 197 миллион теңгесін жымқырған», - делінген Агенттік таратқан хабарламада.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар