Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақтауда ер адам синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтер жалдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция пәтерден 550 грам «мефедрон» синтетикалық есірткісін тәркіледі.
Сондай-ақ, тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.