$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аягөзде жас қызды туыс ағасы зорлап келген

Оған кеңестік қолдау көрсетілген

Аягөзде жас қызды туыс ағасы зорлап келген
Фото: istockphoto.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Абай облысында болған жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өңірлік уәкіл қоқыс жәшігінен нәрестенің табылу фактісі бойынша жұмыс істеп жатыр. Сол сияқты Аягөз ауданында тұратын туыс ағасының зорлық-зомбылығына ұшыраған қызға кеңестік қолдау көрсетті. Ол сондай-ақ мектеп оқушылармен кездесіп, олардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады», - дейді Зәкиева.

Оның айтуынша, күн сайын бізге кем дегенде 6 қылмыстық іс туралы ақпарат түседі, бұған қоса күніне 100-ден астам өтініш қабылданады.

«Көп жағдайда трагедияның алдын алуға болатыны анық. Сондықтан биыл заңдар мен бұйрықтар деңгейінде қабылданған жүйелі шараларды сапалы іске асыру аса маңызды. Механизмдердің бәрін жергілікті жерлерде пысықтау және анықталған жағдайлардың мысалында көзделген ережелерді сақтаудың маңызын көрсету үшін аудандар мен ауылдарға барып, өңірлерде жұмыс істей бастадық», - дейді уәкіл.

Серіктес жаңалықтары