Тауға дәрілік шөп іздеп кеткен 6 адам ізім-қайым жоғалып кетті

Автор: Темірхан Айжан

Оларды құтқарушылар таба алмай жатыр 

Фото: istockphoto.com

Тауға дәрілік шөп іздеп кеткен адамдар 9 күннен бері үйлеріне оралмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 14 қазанда Ақ-Сай тауларында қар көшкіні болған, жолаушылар қар астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қырғызстан ІІМ дерегінше, 9 қазанда 14 адам жолға шыққан. Алысқа ұзаған жолаушылардың туыстары олармен байланыса алмай, құтқарушыларға хабарлаған.

Қазір 8 адам табылды, 6 адам әлі іздестіріліп жатыр.