Бригада мүшелері орташа дәрежеде жарақат алды
Бүгін Сарысу разъезінде тепловоз бен локомотив соқтығысып, салдарынан бригада мүшелері орташа дәрежеде зиян шеккен. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«15 қазан күні 10 сағат 10 минутта теміржол бойында Сарысу разъезінде тепловоз бен локомотив соғысып қалды. Нәтижесінде бес бос жартылай вагон мен локомотив түйіскен. Локомотив бригада құрамы орташа дәрежеде жарақат алды. Оқиға магистраль бойындағы өзге пойыздардың қозғалысына зиянын тигізген жоқ», - делінген хабарламада.