БҚО-да күйеуінің интимдік фотосуреттерін таратқан әйел сотталды

Azattyq Rýhy

Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды

БҚО-да күйеуінің интимдік фотосуреттерін таратқан әйел сотталды
Фото: istockphoto.com

БҚО-да қызғаныштан күйеуінің интимдік фотосуреттерін таратқан әйел бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы жылдары жеке өмірге қатысты материалдарды, фотосуреттер мен бейнелерді иелерінің келісімінсіз тарату мәселесі жеке ақпарат пен адам құқықтарын қорғау саласындағы ең өзекті мәселелердің біріне айналды.

Әрбір тұрғын жолдасына немесе таныстарына жеке өміріне қатысты фотосуреттерді жібергені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатын жағдайға тап болуы мүмкін.

«Секстинг» (жыныстық сипатта хат алмасу) — қазіргі әлемде өте кең таралған құбылыс.

Бірақ зиянсыз жеке хат алмасу арқылы да қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып қалу қауіпі бар.

Мәселен, «Н» азаматшасы қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін «WhatsApp» мобильді мессенджері арқылы таратқан. Орал прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу). Сол сияқты, «И» есімді азамат әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдер заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды заңды сақтауға және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге шақырады.

Жеке өмірге қол сұғылмаушылық материалдарын келісімсіз тарату ауыр моральдық зиян келтіріп қана қоймай, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.