$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемде болмаған: Илон Масктың «Super Heavy» зымыран тасығышы сәтті қонды

Бұған дейін бес рет сынақ жасалған 

SpaceX компаниясының инженерлері алғаш рет «Super Heavy» зымыран тасығышын кеңістіктен ұстап алып, тұғырына қайта қондырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасай отырып. 

Илон Масктың компаниясы «Starship» зымыранын бесінші рет сынақтан өткізіп, осы нәтижеге жетті. Әдетте зымырандар әуеге жіберілгенннен кейін, айлаққа қайта қонбай, мұхитқа барып құлайтын еді.

Бұл жолғы «Starship-тің» үдеткіші 33 қозғалтқышпен жабдықталған, яғни ең қуатты ракета болды. Оның күші 74 меганьютонға тең. Инженерлер болашақта зымыранды ұшақ секілді тек отынын ауыстырып, бірнеше рет қолдануға болатындай етіп жетілдіргісі келеді.

Илон Масктың Starship бағдарламасының түпкі мақсаты – Марс планетасына адам қоныстандыру. Бұл бағдарлама Масктың тағы бір жобасы – жер жүзінің түкпір-түкпіріне спутниктер арқылы ғаламтор орнататын «Starlink-тің» дамуына серпін береді.

Серіктес жаңалықтары